«Мен сені сүйемін, өмір!» тренингі
🌿 «Мен сені сүйемін, өмір!» тренингі
7–11 сынып оқушыларына өмірді құндылық ретінде қабылдауды қалыптастыруға, эмоционалдық тұрақтылықты дамытуға, өзін-өзі қолдау дағдыларын қалыптастыруға және қиын жағдайларда көмек сұрай білуге бағытталған психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында оқушылар:
💚 өмірді мәнді әрі қызықты ететін нәрселер туралы ой бөлісті;
💚 жеке ресурстары мен қолдау көздері туралы әңгімелесті;
💚 позитивті ойлау және өзін-өзі қолдау бойынша жаттығулар орындады;
💚 өздерінің «ресурстық тірегін» жасады;
💚 қиындық туындаған жағдайда кімнен көмек сұрауға болатынын талқылады;
💚 кез келген қиын кезеңді жалғыз өтудің қажет емес екенін еске түсірді.
Тренингтің негізгі ойы: өмір – құнды, әр адам маңызды, ал қиындық туындаған кезде қолдау сұрауға болады және қажет.
Дата публикации: 09.10.2026