Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аудандық семинары
Приишим орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған аудандық семинар жоғары деңгейде өтті. Бұл маңызды шара білім саласындағы үздік тәжірибелерді бөлісуге, кәсіби шеберлікті шыңдауға бағытталды.
Мектеп ұжымы келген ұстаздарды жылы жүзбен қарсы алып, тәжірибе алмасуға қолайлы жағдай жасады. Семинар аясында білікті ұстаздар өз шеберліктерін көрсетті. Аюпова Данагуль Жанибековна мен Муканова Асель Серіковна мазмұнды әрі инновациялық әдістерге негізделген ашық сабақтар өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттырудың тиімді жолдарын таныстырды. Ал Узбекова Камшат Тулегеновна ұстаздарға арналған шеберлік сыныбын ұйымдастырып, жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқыту әдістерін жетілдірудің озық тәсілдерімен бөлісті.
Семинар мұғалімдер үшін жаңа әдіс-тәсілдерді меңгеруге, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді. Бұл шара педагогтардың кәсіби дамуына зор ықпал етіп, білім сапасын арттыруға бағытталған тың идеялардың жүзеге асуына септігін тигізді.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ұстаздар қауымының бірлескен жұмысы нәтижелі боларына сеніміміз мол!
12 ақпан күні “Дарынды балаларға – талантты ұстаз” педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Биылғы олимпиада TED форматында ұйымдастырылып, ұстаздардың шығармашылық шеберлігі мен кәсіби біліктілігін көрсететін ерекше алаңға айналды.
Қуанышты жаңалық! Біздің мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аюпова Данагүл Жәнібекқызы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеңіске жетті!
Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа белестер мен кәсіби жетістіктер тілейміз!
- Байланыстар
- Мектептің номинативтік-құқықтық базасы
- Мемлекеттік қызметтер
- "Приишим орта мектебі" КММ өзін-өзі бағалау.
- "Балдәурен" шағын орталығының өзін-өзі бағалауы.
- Оқу мектебі
- "Парасат"пікірсайыс клубы
- Шағын орталығы
- Жаратылыстану-математика мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
- Спорттық-эстетикалық цикл мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
- Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
- Қоғамдық бағыт мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
- Ыстық тамақты ұйымдастыру
- Адал Ұрпақ
- Құқық бұзушылықтың алдын алу
- Сенім поштасы
- Балалар үшін бірге
- ҰБТ-ға дайындық