Мектеп ережелерін білгірлер
«Мектеп ережелерін білгірлер» «Приишим орта мектебі» КММ-нің 2–3-сынып оқушылары арасында «Мектеп ережелерін білгірлер» атты интерактивті ойын өткізілді. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мектептегі түрлі жағдаяттарды талқылады, сабақ кезінде және үзіліс уақытында сақталуы тиіс тәртіп ережелерін еске түсірді.
🤝 «Адал азамат» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шара оқушылардың жауапкершілік, өзара көмек және айналасындағыларға құрметпен қарау туралы түсініктерін бекітуге ықпал етті.
Дата публикации: 05.11.2026