Жауапты әке – бақытты жанұя
Шал ақын ауданы Аналар кеңесі ұйымдастырған «Жауапты әке – бақытты жанұя» аудандық әкелер байқауы туралы Ережеге сәйкес, байқау Букетов–Шайкин атындағы мектеп базасында өтті.
✅️ Байқаудың мақсаты — жауапты әкелік бейнені қалыптастыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі әкенің рөлін арттыру.
✅️ Біздің мектептен байқауға ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Кабиев Мади Карипбекұлы қатысты. Байқау барысында ол Ережеде көзделген барлық кезеңдерден сәтті өтті:
— отбасының таныстыру визиткасы;
— әкенің рөліне арналған өмірлік жағдайларды талдауға негізделген зияткерлік конкурс;
— қазақ халқының салт-дәстүрі мен мұрасын білуге арналған «Бабадан қалған тағылым» викторинасы;
— «Әке мен бала – бір шебер» шығармашылық байқауы.
✅️ Барлық номинациялар бойынша Кабиев Мади Карипбекұлы сахна мәдениетінің жоғары деңгейін, эрудициясын, баламен белсенді өзара әрекеттестігін, жауапкершілігін, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі мен шығармашылық көзқарасын көрсетті.
✅️ Байқау қорытындысы бойынша ол жеңімпаз атанып, I орынды иеленді. Бұл жетістік әкенің отбасындағы және бала тәрбиесіндегі маңызды рөлін тағы бір мәрте дәлелдеді.
⚜️ Мади Карипбекұлын лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта толағай табыс, мықты денсаулық пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Дата публикации: 05.02.2026