Болашақты бірге таңдаймыз!
📢 Кәсіптік бағдар: Болашақты бірге таңдаймыз!
Бүгін мектебімізде маңызды әрі пайдалы кездесу өтті. Бізге Гуманитарлық-техникалық колледж өкілдері келді. Олар біздің түлектерімізге болашақ мамандық таңдауға көмектесу мақсатында ақпарат берді.
🎓 Колледж өкілдері оқу жүргізілетін ең сұранысқа ие мамандықтар туралы кеңінен таныстырды:
📍 Ақпараттық жүйелер және бағдарламалау
💻 Көлікке техникалық қызмет көрсету және жөндеу
🚗 Ғимараттар құрылысы және пайдалану 🏗️
📊 Есеп, аудит және маркетинг
📚 Туризм және кітапхана ісі
Оқушылар тек оқу бағыттары туралы ғана емес, сонымен қатар тегін білім алу мүмкіндіктері (бюджет негізінде), шәкіртақы алу және басқа қаладан келген студенттерге жатақхана берілуі жайында да білді.
Қысқа мерзімді курстар ерекше қызығушылық тудырды. Бұл курстарда жүргізуші, электрик, аспаз сияқты жұмысшы мамандықтарын меңгеріп, мемлекеттік үлгідегі куәлік алуға болады.
Дата публикации: 09.04.2026