«Жас сарбаз» әскери-спорттық үйірмесі
«Жас сарбаз» әскери-спорттық үйірмесі
Дүйсенбі күні мектебімізде «Жас сарбаз» әскери-спорттық үйірмесінің сабағы өтті.
Сабақ барысында оқушылар саптық жаттығуларды орындап, бастапқы әскери дайындық элементтерін меңгерді, төзімділік пен командалық рухты дамытты. Үйірме сабақтары оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастырып, тәртіпке, жауапкершілікке және өзара көмекке тәрбиелейді.
Дата публикации: 20.01.2026