Дені сау денеде – салауатты рух! Дұрыс тамақтанудың құпиялары
Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру аясында аға тәлімгер 5 «А» сынып оқушылары арасында «Дені сау денеде – салауатты рух! Дұрыс тамақтанудың құпиялары» тақырыбында танымдық-ойын іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында оқушылар дұрыс тамақтану негіздерімен танысып, дәрумендердің пайдасы, дене белсенділігінің маңызы және күн тәртібін сақтаудың қажеттілігі туралы білді.
Оқушылар тақырыптық ойындарға, викториналарға белсенді қатысып, жұмбақтар мен ребустар шешті. Сонымен қатар пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратуға арналған тапсырмаларды орындады.
Іс-шара танымдық әрі достық атмосферада өтіп, балалардың бойында пайдалы әдеттерді қалыптастыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.

3 «А» сыныбында «Дұрыс тамақтану» тақырыбында квест-ойын өткізілді.
Аға тәлімгер оқушыларға қызықты тапсырмалар ұйымдастырып, сөзжұмбақтар шештірді. Балалар пайдалы тағамдарды дұрыс таңдаудың жолдарын талқылап, түрлі тапсырмаларды орындады.
Топпен жұмыс барысында оқушылар дұрыс тамақтану туралы білімдерін толықтырып, пайдалы тағамдардың адам денсаулығы үшін маңызын түсінді. 

Дата публикации: 23.11.2026
- Байланыстар
- Мектептің номинативтік-құқықтық базасы
- Мемлекеттік қызметтер
- "Приишим орта мектебі" КММ өзін-өзі бағалау.
- "Балдәурен" шағын орталығының өзін-өзі бағалауы.
- Оқу мектебі
- "Парасат"пікірсайыс клубы
- Шағын орталығы
- Жаратылыстану-математика мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
- Спорттық-эстетикалық цикл мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
- Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
- Қоғамдық бағыт мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
- Ыстық тамақты ұйымдастыру
- Адал Ұрпақ
- Құқық бұзушылықтың алдын алу
- Сенім поштасы
- Балалар үшін бірге
- ҰБТ-ға дайындық
- БОЖМ
