Тіл мұрасы
Приишим орта мектебінің 1-сынып және даярлық топтарында «Тілге бойлау» республикалық жобасы аясында «Тіл мұрасы» облыстық жобасы бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
🎯 Жоба мақсаты – оқушыларға қазақ тілін үйрету үшін тиімді тілдік орта қалыптастыру, олардың қызығушылығын ояту және тілді жүйелі меңгеруге жағдай жасау.
✨ Жоба барысында оқушылар түрлі тілдік ойындар, шығармашылық тапсырмалар мен қызықты іс-шаралар арқылы қазақ тілін меңгеруге белсенді қатысуда.
📌 Қорытындылай келе, аталған жобалар оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға үлкен үлес қосуда.
 
Дата публикации: 21.04.2026