Тіл білгірлері
10 қыркүйек күні Приишим орта мектебінде Тілдер апталығы аясында мектебімізде 8–9 сынып оқушылары арасында «Тіл білгірлері» атты танымдық викторина өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың тіл біліміне деген қызығушылығын арттыру, қазақ тілінің мәртебесін насихаттау, тілдік білімдерін бекіту, сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, сондай-ақ ұлы ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын дәріптеу.
Викторина барысында оқушылар ұлы ақын-жазушылардың өмір жолы мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Сонымен қатар тіл, әдебиет, мақал-мәтелдер, сөз мағынасы мен тіл мәдениетіне байланысты қызықты тапсырмалар орындады.
Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, білімдерін ортаға салды. Викторина қызықты әрі мазмұнды өтіп, оқушылардың тіл мен әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
.jpg)
Қазақстан халқының тілдері күніне орай
«Приишиморта мектебі»КММ-нің мектепалды сыныптарында Қазақстан халқының тілдері күніне арналған тақырыптық тәрбие сағаты өтті.
Балалармен тілдің маңызы, түрлі ұлттардың тілдері мен мәдениетіне құрмет көрсету туралы танымдық әңгіме жүргізілді. Балалар қызықты ойындарға және шығармашылық тапсырмаға — сурет салуға белсенді қатысты. 
Іс-шара достық әрі танымдық атмосферада өтіп, балалардың өзге тілдер мен мәдениеттерге деген құрметін, толеранттылығын және бірлік сезімін қалыптастыруға ықпал етті. 

.jpg)
Дата публикации: 10.09.2026
- Байланыстар
- Мектептің номинативтік-құқықтық базасы
- Мемлекеттік қызметтер
- "Приишим орта мектебі" КММ өзін-өзі бағалау.
- "Балдәурен" шағын орталығының өзін-өзі бағалауы.
- Оқу мектебі
- "Парасат"пікірсайыс клубы
- Шағын орталығы
- Жаратылыстану-математика мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
- Спорттық-эстетикалық цикл мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
- Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
- Қоғамдық бағыт мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
- Ыстық тамақты ұйымдастыру
- Адал Ұрпақ
- Құқық бұзушылықтың алдын алу
- Сенім поштасы
- Балалар үшін бірге
- ҰБТ-ға дайындық
- БОЖМ