The famоus peopls

Приишим орта мектебінде тілдер апталығына орай 5 мен 9—шы қыркүйек аралығына жоспар құрылған болатын, сол жоспардың аясында тіл мамандары бекітілген іс-шара бойынша түрлі жұмыстар атқарды. 8 , 10, 11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен "The famоus peopls" атты викторина өткізілді. Викторинаны өткізудегі мақсат оқушыларға үш тұғырлы тілімізді оқыта отырып, атақты тұлғалардың еңбектерімен, жүріп өткен жолдары және де жетістіктерімен таныстыру. Викторина өткізу барысында оқушылар бірнеше кезең бойынша топқа бөлініп, әр түрлі тапсырмалар орындап шықты. Орындаған тапсырмаларын ортаға салып, әр топ өздерінің пікірлерін айтып, талқылады. Іс шара соңында жеңімпаз топ анықталып, оқушылар марапатталды.

Дата публикации: 08.09.2022