«Таза Қазақстан» — тазалық әрқайсымыздан басталады!
«Таза Қазақстан» — тазалық әрқайсымыздан басталады! 🌿
Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Приишим орта мектебі»КММ қызметкерлері мен педагогикалық ұжымы «Мейірім» волонтерлік жасағының еріктілерімен бірлесе отырып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткіш аумағын абаттандыру бойынша сенбілікке белсене қатысты.
Акцияға қатысушылар ескерткіштің айналасын тазалап, қоқыстар мен түскен жапырақтарды жинап, аумақты ретке келтірді.
Мұндай іс-шаралар — туған ауылымыздың тазалығы мен көркеюіне қамқорлық жасаумен қатар, Отанымыздың бейбітшілігі мен бостандығын қорғаған батырларға көрсетілген терең құрметтің белгісі.
Педагогтер, мектеп қызметкерлері мен волонтерлердің бірлескен еңбегі бірліктің, азаматтық жауапкершіліктің, отансүйгіштіктің және тарихи мұраға деген құрметтің жарқын үлгісі болды.
Тарихи орындардың тазалығын сақтай отырып, біз ата-бабаларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтаймыз! 🇰🇿
 
Дата публикации: 06.11.2026