Таза Қазақстан
2026 жылғы 25 сәуірде «Приишим орта мектебі» КММ-де «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында мектеп аумағын абаттандыру және санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған жалпы республикалық сенбілік өткізілді.
Іс-шараға мектеп әкімшілігі, педагогикалық ұжым, техникалық қызметкерлер және шағын орталықтың қызметкерлері қатысты. Сенбілік барысында мектеп аумағын тазалау және ретке келтіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды: қоқыстар, құрғақ жапырақтар мен бұтақтар жиналды, жолдар сыпырылды, ағаштар әктелді.
Сенбілікке қатысушылар ұйымшылдықпен, үлкен ынтамен жұмыс істеп, белсенді азаматтық ұстанымдарын және қоршаған ортаға деген жауапкершілікпен қарауын көрсетті.
Нәтижесінде мектеп аумағы тазара түсіп, көркейе түсті. Бұл оқушылардың білім алуы мен демалуына қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.
    
Дата публикации: 25.04.2026