Таза Қазақстан
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында "Приишим орта мектебі"КММ-де қоқысты сұрыптауға арналған экологиялық іс-шара өтті.
Оқушылар ойын түрінде қалдықтарды дұрыс бөлуді үйреніп, қандай материалдардың қайта өңдеуге жататынын және оның қоршаған ортаны сақтау үшін неге маңызды екенін білді.
Сабақ үлкен қызығушылық тудырды: оқушылар белсенді түрде қатысып, зейін мен жауапкершілік танытты. Мұндай іс-шаралар жас кезден бастап экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелейді.
Дата публикации: 17.04.2026