Құстарға арналған ұя
Мектепте оқушылар арасында «Құстарға арналған ұя» атты акция өткізілді. Іс-шараның мақсаты — балалардың табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастыру, экологиялық санасын дамыту және құстарға қамқорлық көрсету.
Акция аясында оқушылар өз қолдарымен ұялар жасап, шығармашылық қабілеттері мен бастамашылдығын көрсетті. Дайын ұялар мектеп аумағына орнатылып, құстардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалды.
Бұл акция балаларды біріктіріп қана қоймай, олардың қоршаған ортаға деген жеке жауапкершілігін сезінуге көмектесті.
   
Дата публикации: 23.04.2026