Лудоманияның алдын алу
8 “А” сынып оқушыларымен «Лудоманияның алдын алу» тақырыбында сынып сағаты өтті.
🎯 Мақсаты:
Оқушыларға лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділіктің) зияны туралы түсінік беру, оның психологиялық, әлеуметтік салдарын ұғындыру, салауатты өмір салтын ұстануға және саналы таңдау жасауға тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушылар сергіту сәтіне қатысып, өз ойларын еркін білдіруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты сауалнама жүргізіліп, оқушылардың көзқарасы мен ой-пікірлері анықталды. Сабақ соңында балалардың белсенділігін арттыру мақсатында қызықты ойын ұйымдастырылды.
🔚 Қорытынды:
Іс-шара оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырып, құмар ойындардың қауіптілігі жөнінде ой түюіне ықпал етті. Балалар өз уақытын пайдалы істерге жұмсаудың, зиянды әдеттерден аулақ болудың маңызын түсінді. Сынып сағаты тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды әрі әсерлі өтті.
 
Дата публикации: 09.02.2026