Мамандық пен еңбек — болашаққа бастар жол
9-сыныпта кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында «Мамандық пен еңбек — болашаққа бастар жол» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
✨️ Іс-шара барысында оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызын талқылап, түрлі мамандықтармен танысты және болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың маңыздылығы туралы пікір алмасты. Оқушылар өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтап, болашақ кәсіби бағыттары туралы ойланды.
✨️ Сынып сағаты оқушылардың еңбекке жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал етті.
Сынып жетекшісі: Узбекова К.Т.
«Приишим орта мектебі» КММ-нің 3 «Б» сыныбында «Барлық мамандық маңызды» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың әлемі туралы түсініктерін кеңейту, әр мамандықтың қоғам өміріндегі маңыздылығы мен қажеттілігін көрсету, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, жауапкершілікке және болашақ мамандық таңдауға қызығушылықтарын арттыру.
Сынып сағаты барысында оқушылар түрлі мамандықтар туралы әңгімелесіп, ата-аналарының мамандықтарын атап, әртүрлі мамандық иелерінің немен айналысатыны туралы айтып берді. Оқушылар мамандықтарға байланысты сөзжұмбақ шешіп, түрлі тапсырмаларды орындады. Мамандықтарды олардың сипаттамасы және бастапқы әрпі бойынша анықтады.
Әр мамандықтың маңызды әрі қажетті екеніне ерекше назар аударылды, өйткені қоғамның әл-ауқаты әртүрлі адамдардың еңбегіне байланысты. Оқушылар болашақ мамандықты таңдауда өз қабілеттерін, қызығушылықтары мен мақсаттарын ескеру, сондай-ақ кез келген еңбекке жауапкершілікпен қарау маңызды деген қорытындыға келді.
Сынып сағаты танымды әрі қызықты өтті. Оқушылар белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысып, талқылау барысында өз ойларын білдірді.
 
Дата публикации: 21.09.2026