Шектеудегі қате
5Б-6А сынып оқушыларымен "Бала құқығы мен міндеті" атты сынып сағаты өткізілді.
✅️Мақсаты:
Оқушыларға өз құқықтары мен міндеттері туралы түсінік беру, құқықтық сауаттылықты арттыру, бала ретінде қоғамдағы орнын сезінуге тәрбиелеу.
Сынып сағаты барысында оқушыларға *Бала құқықтары туралы Конвенция* негізінде әр баланың өмір сүру, білім алу, еркін пікір білдіру, қорғау және демалу құқығы бары түсіндірілді. Сонымен қатар, әр баланың міндеттері – *үлкендерді құрметтеу, оқу, тәртіп сақтау, қоршаған орта мен мүлікті қорғау* жайлы да айтылды.
✅️Сынып сағаты барысында мындай тапсырмалар орындалды:
- Бала құқығы мен міндетіне байланысты бейнеролик көрсету
- Топтық тапсырмалар: "Менің құқығым – менің жауапкершілігім" кластер құрастыру
- Сұрақ-жауап ойыны
- «Құқық бұзылса не болады?» атты пікірталас
✅️Қорытынды:
Оқушылар өз құқықтарын білуге, оны құрметтеуге және әрбір құқықпен қатар міндет те болатынын түсінуге үйренді. Сынып сағаты оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда үлкен рөл атқарды

Дата публикации: 25.04.2025