ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БАҒЫТЫ
📅 2026 жылғы 28 қазанда сағат 11:00-де «Приишим орта мектебі» КММ-нің педагогикалық ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын тыңдауға қатысты.
Мемлекет басшысының Жолдауы – еліміздің болашақ даму бағдарын айқындайтын, қоғамның өзекті мәселелері мен алдағы міндеттерді қамтитын маңызды құжат.
Мектеп ұжымы Жолдауда айтылған басым бағыттармен танысып, білім беру сапасын арттыру, өскелең ұрпақтың зияткерлік әлеуетін дамыту, жастарға қолайлы мүмкіндіктер жасау және қоғамдағы заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту мәселелеріне назар аударды.
Білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу – ел болашағына қосылған маңызды үлес. Сондықтан әрбір педагогтің еңбегі мен жауапкершілігі еліміздің өркендеуіне ықпал етеді.
🤝 Бірлігіміз бекем, мақсатымыз ортақ, болашағымыз жарқын болсын!
Дата публикации: 28.10.2026