Отбасы аптасы
✨️ 2026 жылғы 7 қыркүйекте мектепте Отбасы апталығының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға мектеп оқушылары мен педагогтері қатысты. Қатысушылар отбасы құндылықтарын нығайтуға, өзара сыйластыққа, түсіністікке және отбасылық дәстүрлерді қолдауға бағытталған апталық іс-шаралар жоспарымен танысты.
✨️ Отбасы апталығының басты мақсаты – мектеп, оқушылар және ата-аналар арасында бірлік, мейірімділік пен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Отбасы апталығы аясында 9-сыныпта отбасылық құндылықтар мен отбасындағы қарым-қатынастарға арналған сынып сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар отбасының адам өміріндегі маңызын, өзара сыйластықты, түсіністікті және жақын адамдарға қолдау көрсетудің маңыздылығын талқылады. Оқушылар әңгімелесуге белсенді қатысып, тақырыпқа байланысты тапсырмаларды орындады.
💐 Әр отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, жылулық пен өзара түсіністік орнасын!
Сынып жетекшісі: Узбекова К.Т.
Дата публикации: 07.09.2026