Кітап – рухани қазына
📚 2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай
Приишим орта мектебінің 8 «А» сыныбында
«Кітап – рухани қазына» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы, оның білім мен тәрбиедегі рөлі туралы ой бөлісті. Өздерінің сүйікті кітаптарын таныстырып, оқуға деген қызығушылықтарын көрсетті.
Кітап – рухани байлықтың көзі, адамның ой-өрісін кеңейтетін асыл қазына. Осындай іс-шаралар арқылы оқушыларды кітап оқуға баулу – басты міндетіміз.
📖 Кітап оқиық, рухани бай болайық!
Дата публикации: 02.04.2026