Балаларды сүйетін ата-аналар клубы
Педагогтер мен ата-аналар «Балаларын сүйетін ата-аналар клубы» кездесуінде жазғы сауықтыру кезеңіне арналған жұмыс жоспарын талқылады.
Міндеттері:
- Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін жағдайлар жасау, аурулардың және жарақаттанудың алдын алу.
- Балаларды сауықтыруға және дене тәрбиесіне бағытталған іс-шаралар жүйесін жүзеге асыру, олардың дербестігін, бастамашылдығын, қызығушылығын және танымдық белсенділігін дамыту.
- Балаларды табиғатпен таныстыру арқылы жағымды эмоциялық көңіл-күй қалыптастыру, олардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
- Шағын орталық тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналарында салауатты өмір салтына және спорттық ойындармен айналысуға тұрақты қызығушылық пен қажеттілікті қалыптастыру.
- Жазғы кезеңде балаларды тәрбиелеу және сауықтыру мәселелері бойынша ата-аналарға педагогикалық және санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналар балалардың көшеде, су айдындарының маңында, орманда серуендеу кезінде және жолда қауіпсіз демалуына қатысты нұсқаулықтармен танысты. Бұл жазғы кезеңде балалар үшін туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді айқындауға және балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудағы ата-аналардың рөлін анықтауға мүмкіндік береді.
      
Дата публикации: 04.06.2026