Ер есімі – ел есінде!
Приишим орта мектебінің 7 “А” сынып оқушыларымен “Ер есімі – ел есінде!” атты танымдық викторина өткізілді.
Шара Отан үшін жанын қиған батырларымыздың есімін құрметтеу, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Мақсаты:
• Ұлы Отан соғысы және қазақ батырлары туралы білімді кеңейту;
• Оқушылардың тарихи танымын арттыру;
• Елін сүйетін ұрпақты тәрбиелеу.
Оқушылар викторина сұрақтарына белсенді қатысып, батырлар туралы көптеген қызықты және тың мәліметтер алды. Шара өте әсерлі әрі тәрбиелік мәнге толы болды.

Дата публикации: 22.04.2025