Елдің болашағы – біздің құндылықтарымыздан басталады
Сынып сағаты «Елдің болашағы – біздің құндылықтарымыздан басталады»
Сынып сағаты барысында оқушылар адам бойындағы құндылықтардың отбасы, мектеп және ел болашағын қалыптастырудағы маңызы туралы пікір алмасты. Қазақстандағы отбасы, ана мен әке, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған негізгі заңдар мен құқықтық нормаларды еске түсірді.
Практикалық бөлімде «Құндылықтар ағашын» жасады. Оның бұтақтарына оқушылар өздері үшін маңызды құндылықтарды орналастырды: отбасы, құрмет, мейірімділік, адалдық, достық, білім, денсаулық, жауапкершілік және бірлік.
«Әр оқушы бүгінгі таңда Қазақстанның болашағы үшін не істей алады?» деген сұраққа ерекше назар аударылды. Оқушылар нақты қадамдарды анықтады: жақсы оқу, айналасындағыларды құрметтеу, отбасына және сыныптастарына көмектесу, табиғатты қорғау, ережелерді сақтау, жауапкершілікті болу және бастама көтеру.
Сынып сағатының басты ойы: елдің болашағы бір күні емес, дәл бүгінгі іс-әрекетімізден, таңдауымыздан және құндылықтарымыздан басталады.
Дата публикации: 05.10.2026