Ел есімі — ер есінде
Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында мектепте «Ел есімі — ер есінде» тақырыбында оқушылар арасында эссе байқауы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты:
Жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігіне құрметпен қарау, Отан қаһармандары туралы тарихи жадыны сақтау.
Оқушылар өз жұмыстарында майданда шайқасқан қазақстандықтардың ерлігі мен тыл еңбеккерлерінің үлесі жайлы баяндады. Әсіресе, соғысқа қатысқан туыстары мен көшелер мен мектептерге есімдері берілген батырларға ерекше назар аударылды.
Қорытынды:
Байқаудың өткізілуі оқушылардың халық ерлігіне деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға, тарихты тереңірек тануға және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ықпал етті.

Дата публикации: 24.04.2025