Бірыңғай экологиялық сағат
1 «А» сыныбында оқушылардың суға деген ұқыпты көзқарасын қалыптастыруға және оның адам, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіндегі маңызын түсіндіруге бағытталған «Суды үнемде – болашағыңды сақта!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін кеңейтіп, суды тиімді пайдалану және су айдындарының тазалығын сақтау қажеттілігін талқылады.
Алған білімдерін бекіту мақсатында танымдық және интерактивті ойындар ұйымдастырылды: «Болады – болмайды», «Су білгірлері» викторинасы, «Тамшылар мен бұлт» қимылды ойыны, «Тамшыны құтқар!» және «Суды үнемдеу ережелерін құрастыр» тапсырмалары орындалды.
Балалардың ерекше қызығушылығын «Тамшыға беретін уәдем» шығармашылық тапсырмасы тудырды. Оның барысында әрбір оқушы суды үнемдеуге қатысты өз уәдесін білдірді.
Сынып сағатының соңында оқушылар рефлексияға қатысып, «Біз – сумен доспыз!» атты ортақ уәделерін айтты.

2026 жылғы 9 қараша күні «Жылы тамшы» акциясы аясында 2-сынып оқушылармен «Суды үнемде!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға судың тіршілік көзі екенін түсіндіру, суды үнемдеуге, табиғатты қорғауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар «Жылы тамшы» шеңберіне қатысып, бір-біріне жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдірді. Судың адам өміріндегі маңызы, күнделікті тұрмыстағы қажеттілігі туралы әңгімелесті.
Оқушылардың ойлау қабілеті мен сөйлеу дағдыларын дамыту мақсатында орны ауысқан сөздерден мағыналы сөйлемдер құрастырып, суды үнемдеу тақырыбына байланысты түрлі жағдаяттарды талдап, шешу жолдарын ұсынды.
Сынып сағаты соңында оқушылар суды босқа ағызбау, су көздерін ластамау, әр тамшыны бағалау керектігі туралы қорытынды жасады.

Суды үнемде – болашақ үшін сақта!»
«Приишим орта мектебі» КММ мекемесінің 2 «Б» сыныбында суды үнемдеп, оған ұқыпты қарауға арналған сынып сағаты өткізілді.
Оқушылар танымдық бейнеролик тамашалап, планшеттерде интерактивті тапсырмалар орындады және жадынамалармен жұмыс жасады. Үй жағдайында суды қалай үнемдеуге болатынын және әрбір тамшыны бағалаудың неліктен маңызды екенін талқылады.

«Приишим орта мектебі» КММ-нің 3 «Б» сыныбында «Суды қорғаңдар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың су ресурстарына деген ұқыпты көзқарасын қалыптастыру, экологиялық мәдениетін тәрбиелеу және судың адам, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіндегі маңызын түсіндіру.
Сынып сағаты барысында оқушылар Жер бетіндегі барлық тіршілік иелері үшін судың маңызын талқылап, оны сақтау және үнемді пайдалану қажеттілігі туралы әңгімелесті. Оқушылар су айдындарын ластамаудың, күнделікті өмірде суды үнемдеудің және қоршаған табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын білді.
Балалар әңгімелесуге белсенді қатысып, жұмбақтар шешті, қызықты тапсырмалар орындады және суды үнемдеудің өз ұсыныстарын ортаға салды.
Іс-шара соңында оқушылар судың – әрбір адам қорғауы тиіс баға жетпес табиғи байлық екендігі туралы қорытындыға келді.
Сынып сағатының басты түйіні: «Суды қорғау – Жердегі тіршілікті қорғау!»

9 қараша күні 4 «Б» сыныбында «Суды үнемде – болашағыңды сақта!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың су туралы түсініктерін кеңейту, судың қасиеттері мен табиғаттағы, адам өміріндегі және күнделікті тұрмыстағы маңызы туралы бұрынғы білімдерін өзектендіру және жаңа білім қалыптастыру арқылы суды үнемдеу қажеттілігін түсіндіру.
Сынып сағаты барысында оқушыларға тақырыпқа байланысты презентация ұсынылды. Қазақстан картасынан өзендер мен көлдерді анықтады, танымал тұлғалардың су туралы айтқан нақыл сөздерімен танысты. Сонымен қатар суды үнемдеп, оған ұқыпты қарау ережелерін анықтады.
Сабақ соңында оқушылар судың тіршілік көзі екенін түсініп, әрбір адам суды үнемдеуге және табиғи байлықтарды қорғауға жауапты деген қорытындыға келді. 

6 «А» сыныбында «Суды үнемде – болашағыңды сақта!» тақырыбында танымдық сынып сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар судың баға жетпес табиғи ресурс екенін, оның адам өмірі мен бүкіл ғаламшар үшін атқаратын рөлін, сондай-ақ су қорларына ұқыпты қараудың маңыздылығын талқылады.
Оқушылар қызықты тапсырмаларды орындап, тұщы су тапшылығы мәселесі туралы ой бөлісті, суды үнемдеудің өз тәсілдерін ұсынды. Нәтижесінде су ресурстарын сақтау әрқайсымыздан басталатыны туралы маңызды қорытындыға келді.
Естеріңізде болсын: үнемделген әрбір тамшы – ортақ болашағымызға қосылған үлес!

«СУДЫ ҮНЕМДЕ – БОЛАШАҒЫҢДЫ САҚТА!»
Бірыңғай республикалық сағат аясында 7-сынып оқушыларына «Су ізі – әркімнің жауапты таңдауы!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақ барысында оқушылар судың адам өмірі мен табиғаттағы маңызы туралы білімдерін кеңейтіп, су ресурстарын ұтымды пайдалану мәселесін және күнделікті өмірде су ізін азайту жолдарын талқылады.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға және қоршаған ортаны сақтауда әр адамның жеке жауапкершілігін арттыруға ерекше назар аударылды.
Іс-шара «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында, «Әділдік және жауапкершілік» құндылықтарын жүзеге асыру мақсатында өткізілді.

Приишим орта мектебінің 8 «Б» сыныбында 7 оқушының қатысуымен «Қазақстанның су ресурстарының құпиялары» тақырыбында экологиялық сынып сағаты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды Қазақстанның су ресурстарымен, олардың маңыздылығымен және адам өмірі мен табиғаттағы рөлімен таныстыру. Суды үнемдеуге, су көздерін қорғауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрету. Экологиялық мәдениетті қалыптастырып, су ресурстарын тиімді пайдалану мен сақтауға тәрбиелеу.

Суды үнемде – болашақ үшін сақта! 
Мектебімізде 9–11-сынып оқушыларына арналған су ресурстарын ұқыпты пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған танымдық іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға табиғи байлықтарды, әсіресе суды сақтаудың тұрақты болашақтың кепілі ретіндегі маңызын түсіндіру.
Іс-шара барысында: Жоғары сынып оқушылары өзекті экологиялық мәселелерді талқылап, күнделікті өмірде суды үнемдеудің қарапайым әрі тиімді жолдарымен танысты.

Дата публикации: 09.11.2026
- Байланыстар
- Мектептің номинативтік-құқықтық базасы
- Мемлекеттік қызметтер
- "Приишим орта мектебі" КММ өзін-өзі бағалау.
- "Балдәурен" шағын орталығының өзін-өзі бағалауы.
- Оқу мектебі
- "Парасат"пікірсайыс клубы
- Шағын орталығы
- Жаратылыстану-математика мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
- Спорттық-эстетикалық цикл мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
- Бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
- Қоғамдық бағыт мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
- Ыстық тамақты ұйымдастыру
- Адал Ұрпақ
- Құқық бұзушылықтың алдын алу
- Сенім поштасы
- Балалар үшін бірге
- ҰБТ-ға дайындық
- БОЖМ