Диагностика
Оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету аясында «Балажан» платформасында 2–11-сынып оқушылары арасында диагностикалық зерттеулер жүргізілді.
Диагностика барысында төмендегідей әдістемелер қолданылды:
-«Саған қалай қарайды?» («Өркен») – оқушылардың айналасындағы адамдармен қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеуге, қарым-қатынас кезіндегі ықтимал қиындықтарды анықтауға және психологиялық ахуалды бағалауға бағытталған.
- «Кэрол Риффтің психологиялық әл-ауқат шкаласы» – психологиялық әл-ауқаттың түрлі қырларын, оқушының өзіне және қоршаған ортаға деген көзқарасын зерттеуге бағытталған.
Алынған нәтижелер оқушылардың психологиялық жағдайын талдау, алдағы профилактикалық және түзету-дамыту жұмыстарының бағыттарын айқындау үшін пайдаланылады.
Басты мақсат – әрбір бала үшін қауіпсіз, қолайлы және психологиялық тұрғыдан жайлы білім беру ортасын қалыптастыру!
Педагог-психолог Курманова М. М.
 
Дата публикации: 19.11.2026