Балалар басылымдары — кітапқа апарар жол
Мектепте «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Балалар әдебиеті — рухани тәрбиенің негізі» атты онкүндік ұйымдастырылды.
13 сәуір күні «Балалар басылымдары — кітапқа апарар жол» атты күн өткізілді. Осы күні мектепте «Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде оқушылар балалар әдебиетінің алуан түрлілігімен, көркем безендірілген басылымдармен және оқуға деген қызығушылықты арттыратын қызықты шығармалармен танысты. Шара танымдық әрі тартымды жағдайда өтіп, балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оны білім мен рухани дамудың маңызды көзі ретінде насихаттады.
  
Дата публикации: 13.04.2026