Балалар кітапханасы
23 сәуір күні "Балалар кітапханасы" жобасы аясында 3 "Б" сынып оқушылары кітап оқыды.
Мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Оқушылар өз қалаулары бойынша түрлі қызықты кітаптарды оқып, мазмұнын әңгімелеп берді. Кейбірі сүйікті кейіпкерлері туралы сурет салып, қысқаша ой-толғау жазды.

Дата публикации: 23.04.2025