Ашық есік күніне
Бүгін мектебіміздің 9 және 11-сынып оқушылары Жұмағали Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінде өткен «Ашық есік күніне» қатысты.
Сапар барысында оқушылар:
✅ Мамандықтар мен оқуға түсу шарттары туралы толық ақпарат алды;
✅ Заманауи симуляторлармен жабдықталған оқу кабинеттерін аралады;
✅ Оқытушылар мен студенттерден өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Мұндай кездесулер түлектерімізге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектеседі. Оқушыларымызға оқуда табыс және дұрыс таңдау тілейміз!
 
Дата публикации: 15.04.2026