Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік
9–10 сынып оқушылары арасында «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты — оқушылардың жазғы демалыс кезеңінде өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақ барысында қауіпсіздіктің негізгі бағыттары қарастырылды:
судағы қауіпсіздік;
өрт қауіпсіздігі;
интернет қауіпсіздігі;
жеке қауіпсіздік.
Оқушылар топпен жұмыс жасап, түрлі өмірлік жағдайларды талқылады және жаз мезгіліндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері бойынша жадынамалар дайындады. Алған білімдерін бекіту мақсатында викторина өткізілді. Онда оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, қауіпсіздік ережелерін жақсы меңгергендерін көрсетті.
Сынып сағатының соңында «Бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезіндегі қауіпті белгілер» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Сабақ барысында оқушылар бөгде адамдармен сөйлесу кезіндегі тәртіп ережелерімен танысып, қауіпті жағдайларды анықтауды үйренді.
Сынып сағаты белсенді әрі танымдық деңгейде өтті. Оқушылар талқыланған тақырыптарға қызығушылық танытып, жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы қорытынды жасады.
Дата публикации: 18.05.2026