Терроризмге қарсы қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Терроризмге қарсы қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік!
«Приишим орта мектебі» КММ-нің педагогикалық ұжыммен экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында ақпараттық-түсіндіру әңгімесі жүргізіліп, террористік қауіп туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмдері қарастырылды. Практикалық бөлімде педагогтер төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын пысықтады.
✅ Іс-шараның мақсаты – педагогтердің қырағылығын арттыру, төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындығын күшейту және білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Балалардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз!
Дата публикации: 10.11.2026