Шектеудегі қате
Мектебімізде 9–11 сынып оқушылары арасында психологиялық ахуалды зерделеу және буллинг, ақша бопсалау, қорқыту, физикалық және психологиялық қысым көрсету жағдайларының ықтимал белгілерін анықтау мақсатында анонимді сауалнама жүргізілді.
Сауалнаманың мақсаты – білім беру ортасының қауіпсіздік деңгейін бағалау, оқушылар арасындағы қарым-қатынаста туындауы мүмкін мәселелерді анықтау және қауіпсіз мінез-құлықтың алдын алу жұмыстарын уақтылы ұйымдастыру.
Сауалнама педагог-психолог Курманова М. М. тарапынан анонимділік пен құпиялылық қағидаларын сақтай отырып өткізілді. Оқушыларға өз пікірлерін еркін әрі шынайы білдіруге мүмкіндік берілді.
Әр баланың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік!
 
Дата публикации: 25.11.2026