Алтын күз - берекелі күз!
Приишим орта мектебі мектепалды сыныбында «Алтын күз - берекелі күз!» тақырыбында қызықты да танымдық іс-шара өткізілді.
Балалармен күз мезгілі туралы әңгіме жүргізіліп, күздің ерекшеліктері, табиғаттағы өзгерістер мен жапырақтардың түстері туралы білімдері толықтырылды. Балалар қызықты «Себетке жина» ойынын ойнап, ептіліктері мен шапшаңдықтарын көрсетті. Сонымен қатар түрлі-түсті күзгі жапырақтардан әдемі аппликациялар жасап, шығармашылық қабілеттерін дамытты.
Бүлдіршіндер ата-аналарымен бірлесіп, табиғи материалдардан түрлі әсем қолөнер бұйымдарын жасап әкелді. Бірлесе жасаған жұмыстар балалардың қиялын дамытып, табиғатты сүюге және қоршаған ортаны аялауға баулыды.
Алтын күз – молшылықтың, әсемдіктің және бірліктің мерекесі!
Дата публикации: 14.10.2026