«Көңілді көтеретін қозғалыс» науқаны
«Көңілді көтеретін қозғалыс» науқаны
Бастауыш сынып оқушыларына арналып, жағымды көңіл-күй қалыптастыруға, зейінді шоғырландыруға, реакция жылдамдығын арттыруға және дене белсенділігін ынталандыруға бағытталған интерактивті, ойын түріндегі іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында балалар зейін қоюды талап ететін, үйлесімділік пен белгілерге жылдам жауап беру қабілетін қажет ететін қызықты ойындарға қатысты.
Бұл іс-шаралар балаларға жағымды эмоциялар, тамаша көңіл-күй және мол қуат сыйлады!
Қозғалайық, ойнайық, күлімсірейік — көңіл-күйімізді көтерейік!
Педагог-психолог М. М. Курманова

Дата публикации: 20.11.2026