СӨЙЛЕ ТІЛІМ,АЛАҢДАМА ТАРТЫНБА

"СӨЙЛЕ ТІЛІМ,АЛАҢДАМА ТАРТЫНБА» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ОЙЫН"
СҚО, Шалақын ауданы, Приишим орта мектебінде 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай оқушылар арасында «Сөйле тілім, алаңдама тартынба» атты интеллектуалдық ойыны өткізілді. Ойын барысында қатысушылар «Болашақ» және «Шамшырақ» тобы болып екі командаға бөлініп, 4 кезең бойынша сыңға түсті. Бірінші кезең «Сәлем - сөздің анасы». Тыңдаушылар сәлемдесіп, өздерін мемлекеттік тілде таныстырды. Екінші кезең «Мықты болсаң, тауып көр» тұрақты сөз тіркестерін тауып, мағынасын ашып түсіндірді. Үшінші кезең «Құпия қоржын». Бұл кезең бойынша қатысушылар қоржыннан белгілі адамдардың суреттерін алып шығып, сол бойынша білімдерін көрсетті.
Төртінші кезеңде қатысушылар жұмбақтың шешіміне үш тілде жауап берді. Іс - шара соныңда «Шамшырақ» тобы басымдық танытып бірінші орынды иеленді🥇. Интеллектуалдық ойынға қатысушылар мемлекеттік тілде көрермендерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Іс - шараға барлығы 8 адам қатысты.

Дата публикации: 05.09.2022