Күз келсе – бақыт келер ырыспен

«Күз келсе – бақыт келер ырыспен» дегендей күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі. «Приишим орта мектебі» КММ мектепалды сыныбында «Алтын күз» атты ертеңгілік өтті. Мақсаты: Балалардың күз мезгілі туралы білімдерін толықтыру. Ертеңгілікте балалар  тақпақтарын мәнерлеп оқып, өлең айтып, би билеп,жұмбақтар шешіп, қызықты ойындар ойнады. Ата-аналарымен күз тақырыбына байланысты табиғи материалдардан бірлесе жасаған қол өнер бұйымдарын, суреттерін әкеліп, әңгімелеп берді. Ертеңгілік көңілді де және қызықты өтті.

Дата публикации: 25.10.2022